ҚР ҚМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының жетекші ғылыми қызметкерлерін “Аймақтану және халықаралық қатынастар”кафедрасының студенттерімен кездесу-талқылау

2022 жылғы 22 желтоқсанда ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институтының базасында “Аймақтану және халықаралық қатынастар” кафедрасының студенттерімен жетекші ғылыми қызметкерлердің кездесуі-талқылауы өтті. Іс-шараның басты мақсаты-кафедра студенттерінің ғылыми-зерттеу қызметіндегі мансаптық перспективаларын талқылау.

 

Кездесу барысында: саяси зерттеулер орталығының директоры Айдар Молдашұлы Әмірбаев, саяси зерттеулер орталығының орынбасары Нұркен Ысқақұлы Айтымбетов, бас ғылыми қызметкерлер Рүстем Қазақбайұлы Қадыржанов, Әділ Мәуленұлы Жүнісов, Юрий Очирович Булуктаев, сондай-ақ  ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институтының жетекші ғылыми қызметкерлері Дина Далабайқызы Ешпанова, Талғат Таңатарұлы Исмағамбетов сөз сөйледі.

 

Кездесу барысында ғалымдар ғылыми қызметтің ерекшеліктері, оның мүмкіндіктері мен болашағы туралы айтып берді. Қатысушылар студенттердің өздерін жүзеге асыра алатын ғылыми саланың негізгі бағыттарын атап өтті. Студенттер ғылыми қызметке үлкен қызығушылық танытты және пікірталасқа белсенді қатысты.

Online қабылдау