2023 жылғы 11 қаңтарда «Туризм және спорт» факультетінің деканы, PhD Ж.М. Акимов бастаған Халықаралық Туризм және қонақжайлылық университетінің делегациясымен жұмыс кездесуі өтті. Гуманитарлық-заң факультетінің деканы, б.ғ.к. Ерубаева Гүлжан Кикбаевна және «Туризм және сервис» кафедрасының қызметкерлері қонақтардың сұрақтарына жауап беріп, ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын талқылады. Қонақтар үшін университет бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Ынтымақтастық мәселелері академиялық қызмет жөніндегі проректор, э.ғ.д. Л. А. Тусупова және сыртқы байланыстар және докторантура жөніндегі проректор, PhD Г. Ж. Таяуовамен талқыланды.