2023 жылдың 13 қаңтарында сағат 11.00-де ауд 304-те кәсіптік бағдар беру жұмысының аясында «Есеп және аудит» кафедрасының профессоры Ержанов М.С. «Есеп және аудит» БББ 4 курс студенттерімен кездесу өткізді. Ол студенттерге магистратурада оқудың артықшылықтарын, магистранттардың мансаптық өсуі, Тұран университетінде магистратурада оқудың болашағы мен мүмкіндіктері, халықаралық аудиторлық компанияларда аудитор ретінде тәжірибесі туралы айтып берді. Студенттер бейіндік және ғылыми-педагогикалық магистратура пәндеріне қызығушылық танытты, сондай-ақ олар аудитордың ассистенті ретінде жұмыс істеу мүмкіндігін белсенді талқылады.