«Маркетинг пен логистикадағы цифрлық технологиялар және инновациялық әдістер»

Құрметті әріптестер!

 

“Тұран” университетінің “Маркетинг және логистика” кафедрасы сізді 2023 жылғы 18 қаңтарда Тұран университетінде, Алматы қаласында сағат 14.00 – 17.00-де (Қазақстан Республикасының Алматы қ.уақыты бойынша) өтетін “Маркетинг пен логистикадағы цифрлық технологиялар және инновациялық әдістер” дөңгелек үстелінің жұмысына қатысуға шақырады.

 

Дөңгелек үстелге қатысуға: ғылыми қызметкерлер, маркетинг саласындағы ғалымдар мен мамандар, Қазақстан Республикасының, ТМД елдерінің және алыс шет елдердің бизнес-құрылымдарының өкілдері, экономикалық бағыттағы жоғары оқу орындарының оқытушылары, докторанттар, магистранттар мен студенттер шақырылады.

 

Қорытындысы бойынша электронды түрде материалдар жинағы (ISBN халықаралық индексімен) шығарылады, кейіннен “Тұран” университетінің сайтында орналастырылады www.turan-edu.kz.

 

Конференцияны өткізу форматы гибридті – офлайн 207 конференц-залда / ZOOM-да онлайн мына сілтеме бойынша.

 

Дөңгелек үстелдің бағыттары:

 

  • Онлайн маркетингтік зерттеулер
  • Нейромаркетинг
  • Әлеуметтік маркетинг және краудфандинг
  • Дизайн ойлау
  • Партизандық (төмен бюджеттік) маркетинг
  • Маркетингтің инновациялық әдістері
  • Тұтынушылардың адалдығын басқару
  • Сандық және Интернет-маркетинг
  • Мобильді маркетинг
  • Social Media Marketing (SMM)
  • Электрондық коммерция
  • Әр түрлі

Дөңгелек үстелге қатысу нысаны:

 

  • пленарлық баяндамамен сөз сөйлеу (онлайн);
  • секциялық баяндамамен сөз сөйлеу (онлайн);
  • баяндамасыз жариялау.

Дөңгелек үстелдің жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

 

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы:

 

050012, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Сәтбаев к-сі, 16а, Тұран университеті

тел. +727 260-40-26, ішкі. 723

 

Электрондық пошта:

 

conference.mil@gmail.com

e.polukhina@turan-edu.kz

Online қабылдау