«Есеп және аудит» кафедрасының оқытушылары кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Экономика факультетіндегі Кәсіпкерліктің қысқы мектебіне Алматы инновациялық колледжінің (13), педагогикалық колледжінің (1), Сымбат колледжінің (1) және №177 орта мектебінің (2) – барлығы 17 білім алушысын шақырды, бұл іс-шара 2023 жылғы 09-13 қаңтар аралығында Тұран университетінің White hall – да өтті. Үзіліс кезінде білім алушылар кафедраға шақырылды, оларға «Есеп және аудит» БББ туралы ақпарат айтылды. Колледжистер Тұран университетінде Қысқы мектеп бағдарламасына және осы университетте білім алуға қызығушылық танытты.