1-28 ақпан аралығында «Тұран» кітапханасында «Әлемдік және ұлттық экономика» атты кітап көрмесі өтеді. Кітап көрмесінде қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі кәсіби әдебиеттерді, сондай-ақ мерзімді басылымдарды таба аласыз. Университетіміздің оқытушыларының ғылыми еңбектері ұсынылған. Тақырыптар бойынша әдебиеттер: әлемдік экономика, макроэкономика, еңбек экономикасы және т.б. Көрмеге қосымша сілтеме бойынша электронды таңдауды ұсынамыз.