«Ростов кәсіпкерлерді қорғау институты» үшін «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының қауымдастырылған профессорының онлайн сабақтары

«Ростов кәсіпкерді қорғау институты» жеке жоғары оқу орны «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша магистранттарды дайындаудағы тұрақты ынтымақтастық үшін алғысын білдіреді.

 

2022 жылдың 01 қыркүйегі мен 2022 жылдың 11 қарашасы аралығында заң ғылымдарының кандидаты, «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, з.ғ.к. Сарина Салима Әбдіқадырқызы Ростов Кәсіпкерді қорғау институтының бакалавриат студенттері мен магистранттарына «Салыстырмалы құқық» пәні бойынша онлайн сабақтар өткізді.

 

Мұғалімнің жоғары кәсібилігі мен біліктілігін алғыспен атап өтеді. Барлық студенттерге ілтипатпен қарау барысында үлкен тәжірибені, жауапкершілікті, жоғары біліктілікті, анық және кәсіби жұмысты көрсетті.

Online қабылдау