Стейкхолдерлер базасында студенттерді оқыту

Тәжірибелік дағдыларды дамыту мақсатында «Халықаралық қатынастар» ББ студенттеріне алғаш рет «Қазақстан және БҰҰ» және «Дипломатиялық құжаттама» пәндері бойынша оқу сабақтары стейкхолдерлердің базасында – БҰҰ-ның Алматыдағы кеңсесі және Алматыдағы  ҚР Сыртқы істер министрлігінде ұйымдастырылды.

 

2023 ж. 30 қаңтар «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттеріне «Қазақстан және БҰҰ» және «Дипломатиялық құжаттама» курстарын сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар салтанатты түрде табыс етілді. Дәрістерді БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі В.Самек пен Алматы қаласындағы ҚР СІМ бойынша саяси ынтымақтастық департаментінің басшысы А.Аренова өткізді.

 

Курс барысында студенттер келіссөздер, дипломатиялық хабарлар мен құжаттаманы құрастыру ережелері мен принциптері туралы терең тәжірибелік білім алды. «Қазақстан және БҰҰ» курсы БҰҰ қызметіндегі ҚР рөлі мен орнын, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың, атап айтқанда БҰҰ-ның ҚР-ның ішкі және сыртқы саясатындағы рөлін зерттеуге бағытталған.

Online қабылдау