“Компьютерлік және бағдарламалық инженерия” кафедрасы Ақпараттық және Есептеу Технологиялары Институтымен бірлесіп 09.02.2023 “Медицинада интеллектуалды жүйелерді қолдану” тақырыбында семинар өткізді

Семинар жүргізушісі-Мамырбаев Өркен Жұмажанұлы, ҚР БҒМ ҒК “Ақпараттық және есептеу технологиялары институты” РМК бас директорының орынбасары, зертхана меңгерушісі, PhD, қауымдастырылған профессор

 

Семинар студенттер мен мамандарды медицинадағы жасанды интеллект технологияларымен – денсаулық сақтау әлеміндегі басты трендпен таныстыруға бағытталған. Жасанды интеллект пен нейрондық желілер бүкіл әлемдік медицинаны түбегейлі өзгерте алады: диагностикалық жүйені өзгерту, жаңа дәрі-дәрмектердің дамуына ықпал ету, медициналық қызметтердің сапасын арттыру және шығындарды азайту.

Online қабылдау