Алматы қаласы Заң колледжінің студенттерімен кездесу

2023 жылдың 20 ақпанында «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының оқытушылары з.ғ.к. Кемали Е.С. және з.ғ.м. Тулебаева А.С. Алматы қаласы заң колледжінің жоғарғы курс студенттерімен кездесті. Кездесу болашақ талапкерлермен кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында өткізілді, оның негізгі мақсаты білім бейіні мен болашақ кәсіби қызмет аясын таңдауға көмектесу болып табылады.

 

Кездесу барысында студенттерге «Тұран» университетінде «Құқықтану», «Халықаралық құқық» және «Корпоративтік заңгер» білім беру бағдарламалары бойынша бакалавриат бағдарламаларының мазмұны, шетелде білім алу, жұмысқа орналасу және мансаптық өсу перспективалары туралы ақпарат берілді.

 

Әңгіме жоғары сынып оқушыларының үлкен қызығушылығын тудырып, көптеген сұрақтарға тұшымды жауаптар берілді.

Online қабылдау