Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың жаңа тәсілдері

Тұран университетінің «Есеп және аудит»  кафедрасының  Б. Н. Ельцина атындағы Қырғыз-Ресей Славян университетімен ынтымақтастығы аясында  2023 жылғы 24 ақпанда онлайн форматта «Бухгалтерлік есеп, талдау және аудит»  кафедрасының профессоры, э.ғ.д.  Нұралиева Шолпон Асқаровнаның «Инфляциясы және кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» тақырыбында магистранттар мен 4 курс студенттеріне арналған қонақ дәрісі өткізілді.

 

Дәріскер инфляция түрлерін, оны есептеу әдістерін және олардың қаржылық есептілік көрсеткіштеріне әсерін жан жақты ашып баяндады. Қонақ дәрісінің тақырыбы кәсіби қызығушылықты тудырды және магистранттар инфляцияны ескере отырып, балансты түзетудің мүмкін жолдарын белсенді түрде талқылады. Тыңдаушылар қаржылық жағдайды талдау компанияның ағымдағы жағдайын бағалауға, тәуекелдер мен қолайлы факторларды ескеруге, сондай-ақ болашаққа болжамдау жасауға мүмкіндік беретініне тағы да көз жеткізді.

Online қабылдау