Мектеп оқушылары арасында «Кәмелетке толмағандардың еңбек саласындағы құқықтары» тақырыбында зияткерлік ойын

2023 жылдың 4 наурызында «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасы мектеп оқушылары арасында «Кәмелетке толмағандардың еңбек саласындағы құқықтары» тақырыбында пікірсайыс өткізді. «Магист» жеке мектебінен 3 команда, «Тұран» лицейінен 3 команда қатысты. Барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша 1-орынды «Тұран» лицейінің «Фемида» командасы, 2-ші және 3-ші орынды «Магистр» жекеменшік мектебінің командалары иеленді.

 

«Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасы барлық қатысушыларды сертификаттармен, жеңімпаздарды дипломдармен және естелік сыйлықтармен, ал оқытушылар мен жетекшілерді алғыс хаттармен марапаттады.

 

Жалпы алғанда, барлық қатысушылар жақсы интеллектуалдық қабілеттерін көрсетті, ал көптеген оқушылар алғаш рет қатысса да өздерін лайықты деңгейде көрсетті.

 

Кафедраның іс-шараға жауапты оқытушылары: Е.С.Кемали, Д.А.Бакиров және А.С.Тулебаева.

Online қабылдау