Тұран университетінде Қазақстанның жетекші дипломаттарының қонақ дәрістері басталды

2023 жылғы 14 наурызда «Тұран» университетінде кәсіби дипломат, тарих ғылымдарының кандидаты, КИМЭП доценті Құрманғожин Рүстем Сәлімұлының қатысуымен «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты мен сыртқы саяси тұжырымдамасының басымдықтарын қалыптастыру» тақырыбында қонақ дәрісі өтті. Дәріс «Тұран» университетінің «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасының шақыруымен өтті және 2023 жылы «Дипломат» клубының жұмысы аясында қонақ дәрістерінің жалпы циклінің біріншісі болып табылады.

 

Р. Құрманғожин 1986 жылдан 2013 жылға дейін дипломатиялық қызметте кеңесші-елші болып жұмыс істеді. Дәріс барысында Рүстем Сәлімұлы дипломатиялық қызметтегі кәсіби тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасу және даму тарихы, қазіргі кезеңдегі Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтары туралы айтты. Дәріс барысында Қазақстанның қазіргі әлемдік саясаттағы рөлі мен орны туралы мәселелер де қозғалды.

 

«Тұран» университетінің оқытушылары, студенттері, магистранттары Қазақстанның сыртқы саясатын іске асыру ерекшеліктері туралы теориялық білім алып, дипломатиялық қызметті ұйымдастыруда тәжірибелік дағдыларды игерді. Іс-шараға қатысушылар берілген мүмкіндік үшін алғыс айтып, одан әрі ынтымақтастықты жалғастыруға дайындық білдірді.

Online қабылдау