29 наурызда “Қоғамның трансформациялық процестері жағдайындағы ғылым, білім және инновация” атты TURAN Science FORUM –ның ашылуы басталды.
Форум аясында “Геосаяси турбуленттілік жағдайындағы Қазақстанның саяси трансформациясы” тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны “Тұран” университетінің “Аймақтану және халықаралық қатынастар” кафедрасы ҚР ҰӘҚ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтымен және РФ Президенті жанындағы РАНХиГС-пен бірлесіп ұйымдастырды. Дөңгелек үстел жұмысына қазақстандық гуманитарлық-саяси конъюктура орталығының президенті Е.Әлияров, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары А.Жолдыбалина, ҚР ҰҚМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының қызметкерлері Ю. Булуктаев, Т. Исмагамбетов, Н. Айтымбетов, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Р. Нұртазина, саяси шешімдер орталығының директоры Ш. Нұрсейітов, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры Ш. Шарипов, ХАТУ (МУИТ) профессоры А. Бейсенқұлов, “Тұран” университетінің “Құқықтану және халықаралық құқық” кафедрасының профессоры және т. б. қатысты.
Дөңгелек үстел аясында ҚР Президенті Қ.Тоқаев ұсынған Қазақстандағы саяси