Алматы қаласындағы № 24 лицейдің оқушыларымен кездесу

2023 жылдың 17 наурызында кәсіптік бағдар беру аясында «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының сениор-лекторы, з.ғ.м. А.С.Тулебаева  және «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасы жанындағы «Sanaly urpaq», «Мәдениет алаңы» және «Студенттік құқық комитеті» ұйымының өкілдері Алматы қаласындағы № 24 лицейдің мектеп оқушыларымен кездесті.

 

Кездесу болашақ талапкерлермен өткізілді, оның негізгі мақсаты білім профилін және болашақ кәсіби қызмет аясын таңдауға көмектесу болды. Кездесу барысында студенттерге «Тұран» университетінде «Құқықтану», «Халықаралық құқық» және «Корпоративтік заңгер» білім беру бағдарламалары бойынша бакалавриат бағдарламаларының мазмұны, шетелде білім алу, жұмысқа орналасу және мансаптық өсу перспективалары туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ кафедра жанындағы ұйымдар презентациялар көрсетті, өз ұйымдарының мақсаттары мен міндеттерін түсіндірді.

 

Әңгіме жоғары сынып оқушыларының үлкен қызығушылығын тудырып, көптеген сұрақтарға тұщымды жауаптар берілді.

Online қабылдау