15-16 сәуірде «Психология» кафедрасы РФ когнитивті психотерапия қауымдастығының қолдауымен «Когнитивті-мінез-құлық терапиясы» біліктілігін арттырудың базалық курсын өткізеді.
Бұл курс кімге арналған? Психотерапевт-дәрігерлер, психиатрлар, наркологтар, басқа мамандықтағы дәрігерлер, клиникалық психологтар, әлеуметтік және практикалық психологтар, басқа мамандықтағы психологтар, психологиялық және медициналық факультеттердің жоғары курс студенттері.
Жаттықтырушы: Ковпак Дмитрий Викторович, медицина ғылымдарының кандидаты, И.И. Мечников атындағы СБММУ психотерапия, медициналық психология және сексология кафедрасының доценті.
Курстың соңында қатысушылар белгіленген үлгідегі біліктілікті арттыру туралы куәлік алады.
Сіздерді жеке оқу жоспарын жасау мүмкіндігі, сондай-ақ КМҚ терапиясының әлемдік көшбасшыларынан эксклюзивті материалдар күтіп тұр.