2023 жылы 4-11 наурыз аралығында «Тұран» университетінде Польшадан келген Edward Juchniewic (Эдвард Юхневич) шетелдік шақырылған профессордың қатысуымен «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 1 курс докторанттары үшін «Сақтандыру құқығын дамытудың теориялық және әдіснамалық мәселелері» пәні бойынша сабақтар өтті.
Эдвард Юхневич – заң ғылымдарының докторы, Гданьск университетінің Құқық және басқару факультетінің профессоры, халықаралық салық құқығы, корпоративтік қаржы құқығы, бірігу және жұтылу саласындағы маман.
Сабақ барысында профессор Юхневич Еуропа елдеріндегі заң практикасының ерекшеліктерімен, сондай-ақ жеке тәжірибесімен, оның ішінде ғылыми-зерттеу және оқытушылық қызметімен бөлісті.
Профессор Юхневич «Құқықтану» білім беру бағдарламасы докторанттарының шетелдік ғылыми кеңесшісі болып табылады. Қазақстанда болған кезінде ол өзінің докторанттарымен кездесіп, олардың зерттеу тақырыптары бойынша бірқатар ғылыми консультациялар өткізді. Сонымен қатар, профессор Юхневич «Тұран» университетінің басшылығымен кездесті. Кездесу барысында докторантура бағдарламалары бойынша алдағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.