Ғылыми апталық аясында 3 сәуірде «Тұран» университетінің «Құқықтану» мамандығы 2 курс студенттерінің қатысуымен оқу-тәжірибелік сот ісі өтті. Алдын ала белгіленген рөлдер бойынша студенттер судья, прокурор және адвокат қызметін атқарды.
Бұл ашық сабақтың мақсаты – студенттердің теориялық білімдерін нақты тәжірибеге жақын жағдайлармен ұштастыру. Ашық сабақ барысында әрбір қатысушы-студенттер құқықтық нормаларды ұтымды қолдану дағдысымен, ресми заң тілін білу дағдысымен, сот отырысын өткізудің алғышарттарымен танысты. Болашақ заңгерлерді дайындауда мұндай практикалық жаттығулардың маңызы зор.
Оқу-тәжірибелік сот ісін ұйымдастырушы «Тұран» университетінің «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының аға оқытушысы Ж.Ж.Долда.