2023 жылдың 7 сәуірінде «Тұран» университетінде «Қоғамның трансформациялық процестері жағдайындағы ғылым, білім және инновациялар» атты жалпы университеттік TURAN SCIENCЕ FORUM ғылым апталығы аясында «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасында «Жаңа Қазақстан, жаңа Парламент» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге «Құқықтану» мамандығының оқытушылары, докторанттары, магистранттары мен студенттері, сондай-ақ Алматы қаласының және жақын шетелдердің басқа да жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысты.
Құттықтау сөзімен «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Н.А.Алдабергенова сөйледі.
Заң ғылымдарының докторы, кафедра профессоры, Заң ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының бас ғылыми қызметкері Л.Т.Жанұзақова жаңа «Қазақстан» жағдайындағы парламентаризмді дамыту мәселелері» тақырыбында баяндама жасады.
Заң ғылымдарының докторы, кафедра профессоры А.Ф.Сулейманов «Қазақстанның конституциялық реформалары тұрғысынан президенттік институтты жетілдіру» тақырыбында баяндама жасады.
Заң ғылымдарының докторы, кафедра профессоры С.Ж.Сулейменова «Су заңнамасы қағидаттарының экологиялық-құқықтық принциптері» тақырыбындағы баяндамасында су заңнамасының құрамдас бөлігі ретінде табиғатты қорғау заңнамасын жетілдіру қажеттілігіне баса назар аударылды.
Заң ғылымдарының докторы, кафедра профессоры, Заң ғылыми-зерттеу институтының директоры, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері, отставкадағы әділет полковнигі Т.Қ.Әкімжанов «Сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының қазіргі қылмыстық саясатының маңызды міндеті» тақырыбында баяндама жасады.
Талқылауға заң ғылымдарының докторы, ҚазУМО и МЯ профессоры Е.Б.Мұхамеджанов, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің әкімшілік және қаржылық құқық кафедрасының оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты А.А.Трофимов және «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы белсене қатысты.