Сәуірдің 7-сі күні «Тұран» университеті гуманитарлық-заң факультетінің студенттері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Қылмысқа қарсы күрес мәселелерін зерттеу» орталығымен бірлесе ұйымдастырылған жыл сайынғы «Криминалистика және сот сараптамасының үздік сарапшылары – КримЭкс-23» халықаралық кәсіби шеберлік байқауына қатысты.
«Тұран» университетінің «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасы байқауға қазақ және орыс тілдерінде қатысу үшін «Құқықтану» мамандығының 3 және 4 курс студенттерінен құралған 2 команданы ұсынды:
Байқау 4 кезеңнен тұрды, оның ішінде криминалистика және сот сараптамасы бойынша теориялық және практикалық білім (сот-сараптама техникасы мен тактикасы, сот сараптамасын тағайындау). Байқау қорытындысы бойынша «Тұран» студенттерінен құралған командалар «Ең үздік тест жауабы» және «Ең шығармашылдық топ» номинациялары бойынша Дипломдармен марапатталды.