Қырғыз-түрік «Манас» университетімен (Қырғызстан) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою

2023 жылдың 14 сәуірінде «Тұран» университетінде Қырғыз-түрік «Манас» университетімен (Қырғызстан)  кездесу өтті. Кездесу барысында екі университет арасындағы ғылыми және білім саласындағы ынтымақтастықты дамыту жоспарлары, сондай-ақ тағылымдамадан өту бағдарламалары мен екіжақты академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері талқыланды.

 

Нәтижесінде екі университет арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

 

Біздің университеттеріміздің одан әрі жемісті ынтымақтастығы «Тұран» университетінің студенттері мен профессорлық-оқытушылар құрамы үшін интернационалдандыру мүмкіндіктерін кеңейтеді деп сенеміз.

Online қабылдау