Штейнпресс Александра Республикалық зияткерлік-танымдық олимпиадада 1-ші орын алды

2023 жылдың  14 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология  факультеті, А.Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен қазақ тілі пәнінен «Қазақ тілінде сөйле, әлемді таң қылып, Қазақстан – тәуелсіз ел мәңгілік!» атты Республикалық зияткерлік-танымдық ОЛИМПИАДА өтті. Аталған олимпиадаға «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандығының  (орыс бөлімінің) 1 курс студенті Штейнпресс Александра қатысып 1-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Студенттің жетекшісі «Журналистика және аударма ісі» кафедрасының сениор-лекторы Жагипарова Майра Мусаевнаға «Алғыс хат» табыс етілді.

 

Олимпиаданың мақсаты: ҚР ЖОО-дағы өзге ұлт студенттердің мемлекеттік тілді білумен қатар халқымыздың мәдениеті мен тарихын, салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарды тану деңгейін көтеру және мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайту болды.

 

Олимпиадаға орыс, украин, поляк, беларус, болгар, қытай, үндіс, неміс, кәріс, шешен, дүңген, армян  ұлт өкілдерінің студенттері қатыса алды.

 

Олимпиада қазақ тілінде жүргізілді.

 

Пәндік олимпиада теориялық және практикалық тапсырмалардан тұратын 3 тур бойынша өтті.

 

І тур – «Дұрыс мамандық таңдау – жарқын болашақ кепілі» видеоролик (өзін, мамандығын таныстыру) (3 минут).

 

ІІ тур –  «Ұлт құндылығы тілінде, сөйле қазақ тілінде» (таңдалған материалдарға ауызша жауап беру, әңгіме құрастыру).

 

ІІІ тур – «Ұтқыр жауап» (берілген сұрақтарға жылдам, дұрыс жауап беру. Әр қатысушыға 7 сұрақ қойылды).

 

Жеңімпазға оқуда үздік болуға тілектеспіз және болашақта мемлекеттік тілдің дамуына өз үлесін қосады деп сенеміз.

Online қабылдау