Қазақстан Республикасы Қаржы Нарығын Реттеу және Дамыту Агенттігінің қолдауымен Қаржылық Сауаттылық бойынша дәрістер сериясы

3-19 сәуір аралығында “Тұран” университетінде Freedom Life Өмірді сақтандыру компаниясының әлеуметтік жобасы аясында “қаржылық және цифрлық сауаттылық негіздері”тақырыбында дәрістер сериясы өткізілді.

 

Жас ұрпақтың қаржы өнімдерін, қызметтерін және олардың ерекшеліктерін жақсы түсінуі, қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасауы, сауатты шешімдер қабылдауы, цифрлық алаяқтықпен байланысты тәуекелдерді азайтуы маңызды.

 

Дәрістер аясында кірістер мен шығыстарды есепке алу, уақытты басқару, киберқауіпсіздік, салық салу, Қаржы нарығын цифрландыру және қаржылық жоспарлау мәселелері қаралды.

 

Дәріскер – Досниязова Үміт Қуанышбекқызы.

Online қабылдау