Студенттік жанды музыка фестивалі

2023 жылдың 21 сәуірінде Тұран университетінің «Muslab» студенттік ұйымы қатыстықан, Satbayev University жанындағы Студенттік жанды музыка фестивалі өтті. Фестивальге Қазақстанның жоғары оқу орындарынан 24 ансамбль қатысты.

 

Фестиваль үш күн өтті:

 

  • 19 және 20 сәуір –Арбатта музыкалық нөмірлер мен қойылымдарды тыңдау,
  • 21 сәуір сағат 17.00-де – таңдалған композициялармен гала-концерт.

Іс-шараның барлық кезеңдерінің ішіндегі ең әсерлісі ұйымдастырушылардың жоғары дайындығы мен кәсібилігімен таң қалдырған гала-концерт болды. «Muslab» студенттік ұйымы Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген керемет дарынды студенттермен бір сахнада өнер көрсетті. Тыңдаудан кейін «Muslab» гала-концертте «Blinding lights –The Weekend» әнімен өнер көрсетеді деп шешілді. Қойылым күткендей керемет өтті!

 

Республикалық фестиваль соңында командаға естелік олжа табысталды!

Online қабылдау