Психология пәнінен XV республикалық студенттік пәндік олимпиадада «Психология» білім беру бағдарламасының студенттері!

«Психология» мамандығының студенттері  XV республикалық пәндік олимпиадада!

 

2023 жылдың 20-21 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында психология пәні  бойынша олимпиаданың ІІ кезеңін өткізді.

 

Олимпиада мақсаты: студенттердің шығармашылық қабілетін ашу, дарынды студенттерді іріктеу және қолдау; олардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыру; қазіргі заманғы ғылыми проблемаларды шешуге тарту; ғылыми қызметке қызығушылықты ояту.

 

Олимпиадаға «Психология» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері Болатова Динара Айдыновна, Жумадилова Даяна Даниярбеккызы және Қағазбаева Алтынай Қайратқызы қатысты.

 

Студенттерді дайындаған «Психология» кафедрасының оқытушылары Марданова Шолпан Сапарқызы мен Алдабергенов Нұрлан Азатовичке алғыс айтамыз!

Online қабылдау