AMBA&BGA өкілдерімен кездесу

3 мамырда университетте AMBA & BGA қауымдастық өкілі және мүшелік жөніндегі директоры Victor Hedenberg мырзамен кездесу өтті.

 

Кездесу барысында AMBA & BGA халықаралық аккредиттеуден өту, “Тұран” университеті мен қауымдастық арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

 

MBA қауымдастығы және бизнес-мектеп түлектерінің қауымдастығы (AMBA & BGA) басқарушылық білім беру, аккредиттеу, білім беру консалтингі және бенчмаркинг саласындағы жетекші ұйым болып табылады. Қауымдастық 1967 жылы Ұлыбританияда құрылды. Қазіргі уақытта қауымдастық 75-тен астам елдегі 295 жетекші бизнес-мектептің бағдарламаларының аккредитациясын жүргізді.

Online қабылдау