Лейпциг университетінде PhD докторанттарының шетелдік ғылыми тағылымдамасы

Үздік-1000 әлемдік рейтингіне кіретін шетелдік жетекші университеттердің бірінде ғылыми тағылымдама – докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмысының міндетті компоненті болып табылады.

 

2022-2023 оқу жылының көктемгі семестрінде, 11 сәуір мен 12 мамыр аралығында «Психология» білім беру бағдарламасының 2-ші оқу жылы үш докторанты Лейпциг университетінде (Германия) өзінің ғылыми кеңесшісі, профессор Гарбер Анастасиямен тағылымдамадан өтті. Тағылымдама барысында докторанттар, Университет жанындағы ғылыми-зерттеу зертханасы, клиника, психотерапия институтының қызметімен танысты. Бір айдың ішінде докторанттар өздерінің ғылыми кеңесшісімен бірге докторлық диссертациялармен жұмыс істеді, университет кітапханасында шетелдік материалдарды зерттеді. Докторанттар түрлі ғылыми және әдістемелік семинарлар, конференция, дөңгелек үстелдерге қатысты. Сонымен қатар, профессор Конрад Решкемен диссертациялық зерттеу мәселелері бойынша бірнеше кездесулер өтті.

 

Тағылымдама аяқталғаннан кейін докторанттар шетелдік ғылыми тағылымдамадан өткені туралы сертификаттар алды.

Online қабылдау