Дөңгелек үстел: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АВТОХИМИЯ НАРЫҒЫНЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ТАУАШАЛАРЫ: МҮМКІНДІКТЕР МЕН ҚАУІПТЕР

2023 жылдың 26 мамырында «Тұран» университетінде Қазақстандағы автохимия нарығының перспективалы тауашалары: мүмкіндіктер мен қауіптер тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 

Бүгінгі таңда Қазақстанның алдында сыртқы және ішкі жағдайлардың едәуір күрделенуі аясында Серпінді, инклюзивті, ұтымды және орнықты даму жолында одан әрі ілгерілеуді жалғастыру күрделі міндет тұр. Бұл бағытта белгілі бір қадамдар жасалды, дегенмен жаңа технологиялық құрылымға, өндіргіш күштердің сапалы жаңа материалдық және жеке элементтеріне негізделген инновациялық экономиканы құру үшін әлі де көп күш қажет болады. Қазақстан халқына арнаған сөзінде Президент К. К. Тоқаев «экономиканы әртараптандыру, өндірілетін тауарлар номенклатурасын және экспорт географиясын кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет» деп атап өтті. Ұлттық экономиканы әртараптандыру Қазақстанның жаңа өндірістік әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді. Әлемдік шикізат нарықтарындағы теріс трендтер дәуірінде елдің қолайсыз экспорттық және өндірістік мамандануға тәуелділігін қысқартуға, жаңа, технологиялық жағынан анағұрлым күрделі өнім экспортын ұлғайту және импортты алмастыру процестерін жүзеге асыру үшін жағдайлар жасауға бағытталған әртараптандыру экономикалық өсудің драйвері болуға тиіс.

 

Дөңгелек үстелдің мақсаты Қазақстанның автохимия нарығының перспективалық тауашаларын талқылау және оларды экономикалық тұрақсыздық жағдайында дамыту.

 

Дөңгелек үстелдің міндеттері:

– Қазақстандағы автохимия нарығының қазіргі жай-күйін талқылау;

– Қазақстандағы автохимия нарығында бар негізгі проблемаларды анықтау;

– осы бағыттағы бизнесті дамытудың перспективалық бағыттарын анықтау;

– ҚР-дағы автохимия нарығының проблемаларын шешуге жәрдемдесу бойынша бағыттар әзірлеу.

 

 

Дөңгелек үстелге ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, «Атамекен» ҚР ҰКП, «Kazhimprom», Қазақстан химия өнеркәсібі одағы ЗТБ, Қостанай қаласының әкімдігі, Қазақстан автохимиясын өндірушілер мен тұтынушылар Қауымдастығы ЗТБ, Qazinnovation «инновацияны дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі, ЖШС «СарыарқаАвтоПром», «Әлем Тынысы» ЖШС, «Багашар Мекен» ЖШС, «Qazaq Оi ұлттық желісі » ЖҚС,  «ЛУКОЙЛ Лубрикантс Орталық Азия» ЖШС, А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты, ҚИНЭУ. М. Дулатова және т. б. өкілдері қатысты.

Online қабылдау