Н.И. Лобачевский атындағы ҰҒМУ PhD докторанттарының шетелдік ғылыми тағылымдамасы (Нижний Новгород, Ресей)

2023 жылғы 10 мамыр мен 11 маусым аралығында «Экономика», «Менеджмент», «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 2-ші оқу жылының 6 докторанты Н. И. Лобачевский атындағы Нижний Новгород мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Н. И. Лобачевский атындағы университет «QS Top Universities Ranking» әлемдік рейтингінде 751-800 орын алатын жетекші ресейлік зерттеу университеттерінің бірі. Тағылымдама докторанттардың шетелдік ғылыми кеңесшілері болып табылатын тәжірибелі профессорлардың жетекшілігімен өтті.

 

Тағылымдама бағдарламасы: «Жоғары мектепте оқытушылар үшін оқытудың жобалық-бағдарланған әдістері» біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша оқыту, ғылыми жұмыстарды жазу әдістемесі бойынша семинарларға қатысу, кітапхана ресурстарымен жұмыс істеу, ғылыми жетекшілермен кеңесу қамтиды. Жалпы, НМУ-да докторанттардың шетелдік ғылыми тағылымдамасы жемісті өтті және сертификаттар берумен аяқталды.

Online қабылдау