2023 жылғы «Тұран» Университетінің диплом тапсыру салтанаты!

2023 жылдың 05 шілдесінде түлектер үшін айтулы кеш – «Тұран» университетінің түлектеріне диплом тапсыру салтанаты өтті.

 

«Ариал» гольф-клубында ашық аспан астында өткен іс-шара құттықтау бөлімінен басталып, бірінші сөз «Тұран» университетінің ректоры Алшанов Рахман Алшанұлына берілді.

 

Салтанатты шара аясында «Үздік түлек – 2023» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

 

«Үздік түлек – 2023» номинациясының жеңімпаздары:

 

  1. Нысанбаева Ақбота
  2. Серғазин Эльдар
  3. Бушмина Яна
  4. Шегебаев Мақсат

 

Байқау жеңімпаздары дипломмен марапатталып, магистратура немесе MBA бағдарламалары бойынша «Тұран» университетінде оқу гранты мен «Тұран» университетінің естелік сыйлықтарына ие болды.

 

Сонымен қатар 2023 жылғы түлектерге өздеріне деген үндеуін қамтитын «уақыт капсуласын» жабу құрметі тапсырылды. Капсуланың ашылу салатанаты «Тұран» университеті түлектерінің жыл сайынғы кездесуінде 2033 жылы өтеді.

 

Түлектер «Ариал» гольф-клубының аумағында орнатылған фото аймақтар мен фотостендтерде суретке түсіп, өздерінің бақытты сәттерін естелік ретінде сақтап қалды.

 

Ресми бөлімнен кейін түлектерді V$VX Prince, Айқын Төлепберген сияқты отандық әртістердің өнер көрсетуі мен фуршет күтіп тұрды.

 

Жүргізушілер Кубаева Алина мен Бекболат Асылжанның қатысуымен өткен кеш жарқын және эмоцияларға толы болды.

 

Осы қуанышты оқиғамен құттықтай отырып сіздерге бақыт, табыс және өркендеу тілейміз.

 

Сіздердің жетістіктеріңіздің арқасында «Тұран» университетінің даңқы бұрынғыдай өсіп, нығая түседі деп сенеміз!

Online қабылдау