2023 жылғы 17-18 тамызда Алматы қаласында Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ), КАҚ «Отандастар қоры» ұйымдастырған «Қазақстан үшін диаспоралардың өзгеру рөлі мен тәжірибесі: тұрақты экономикалық және әлеуметтік-мәдени әсерге қол жеткізу үшін тиімді коммуникацияларды құру» тақырыбында халықаралық семинар-форум өтті. Семинар-форум жұмысына шақыру бойынша «Тұран» университетінің «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының профессоры Алаева Гүлназ Тұрсынқызы қатысты. Семинарда диаспораның ғылым, білім, бизнесті дамытудағы, сондай-ақ елдегі және шетелдегі мигрант отандастардың құқықтарын қорғаудағы рөлі туралы негізгі мәселелер талқыланды.