«Тұран» университеті мен «AML ACADEMY» Қаржы мониторингі академиясы арасында ынтымақтастық және өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қойылды

2023 жылғы 1 қыркүйек күні «Тұран» университетінде «AML ACADEMY» Қаржы мониторингі академиясының президенті Мерзадинов Ерғали Серікбайұлы және жетекші маманы Сәлімжан Камила Азаматқызымен кездесу өтті.

 

Кездесу барысында «Тұран» университеті мен «AML ACADEMY» Қаржы мониторингі академиясы арасында ынтымақтастық және өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қойылды.

 

Меморандум аясындағы ынтымақтастық бірлескен оқу және білім беру іс-шараларын әзірлеу және жүзеге асыру, тәжірибе алмасу, кеңес беру, бірлескен бағдарламаларды үйлестіруді қамтиды.

 

Академияның қызметі қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл жүйесінің барлық қатысушылары үшін оқу-әдістемелік іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге, ғылыми зерттеулер мен әртүрлі халықаралық білім беру іс-шараларын өткізуге, қаржы мониторингі бойынша мамандарды аттестациялауға, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға қарсы күрестің ақпараттық мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған.

Online қабылдау