Чанъань университетімен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

7 қыркүйек күні «Rixos Almaty» қонақ үйінде Қытайдың Шэньси провинциясындағы университеттердің көрмесі өтті, көрме барысында «Көлік инфрақұрылымын салу саласындағы таланттарды даярлау жөніндегі Қытай мен Орталық Азияның бес елінің Одағына қосылу туралы келісімге» және «Тұран» университеті мен Чанъань университеті арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

 

Бұл ынтымақтастық оқытушылар мен студенттермен алмасуға, бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізуге және академиялық іс-шараларды ұйымдастыруға, веб-білім беруді қолдауға мүмкіндік береді.

 

Чанъань университетінде инженерия, ғылым, менеджмент, экономика, философия, құқық және әдебиет сияқты 7 негізгі сала бойынша біліктілікті арттыру бағдарламаларын ұсынатын 24 мектеп пен факультет бар.

Online қабылдау