Coursera Kickoff Meeting – «Тұран» университетінде Coursera жобасының іске қосылуы

20 қыркүйекте университеттің акт залында «Тұран» университетінде Coursera Kickoff Meeting  жобасының іске қосылуына арналған кездесу өтті.

 

Coursera – әлемнің 250-ден астам жетекші университеттері мен технологиялық алыптарын біріктіретін ең ірі білім беру ұйымы. Платформада 430 мамандық пен мамандандыруға қатысты 4200 ден астам білім беру курстары бар. Жыл сайын Coursera платформасында әлемнің 200 елінің 100 миллионнан астам адамы білім алады.

 

Биылғы оқу жылынан бастап Coursera «Тұран» университетінің білім беру бағдарламаларына кіріктірілді, осыған орай университет студенттері мен оқытушылар құрамы бірқатар маңызды артықшылықтарға ие болды.

 

«Тұран» университеті бакалавриат пен магистратурада білім алушылар үшін 500 лицензия алды, оның ішінде:

 

  • Экономика факультетінің ББ үшін 317 лицензия;
  • «Сандық технологиялар және өнер» факультетінің ББ үшін 183 лицензия.

 

Coursera бағдарламасының «Тұран» университетінің оқу үдерісіне кіріктірілуі студенттердің болашақта табысты мансап пен үздіксіз білім алуына әсер ететін құралдарға ие болуына және үйлесімді, жан-жақты дамуына ықпал ететін стратегиялық маңызды шешім.

Online қабылдау