Алматы қаласындағы «Тұран» университетінің командасы және Спорт туризмі федерациясымен бірге Бүкіл дүниежүзілік туризм күніне арналған 2023 жылдың 23-24 қыркүйегінде туриада-шығу шеңберінде «Тұран» шыңына шығу жасады (3970 м., күрделілік санаты 1А, Іле-Алатаудың солтүстік сілемдері, Солтістік Тянь-Шань).
Шығуға 50-ден астам адам қатысты, соның ішінде «Туризм және сервис» кафедрасының қызметкерлері мен студенттері Беркимбаев Т.Б., Орлова А.В. және Халитова Л.Р қатысты.
Алматы облысының Ономастика комиссиясының 2023 жылғы 29 маусымдағы шешімімен 3970 шыңына «Тұран» атауы берілді. Осыған байланысты «Тұран» университетінің және альпинизм федерациясының командалары «Тұран» шыңында қазақ және орыс тілінде естелік белгісін орнатты.