«Тұран» университетінің студенттері тағы да әлемдік мәдени қазынаның есігін ашты. Дәстүр бойынша, олар мұны 18 қыркүйекте «Тілдер апталығы» басталған кезде жасайды. Шын мәнінде, ол енді еш жабылмайды.
Бұл жолы олар «Журналистика және аударма ісі» кафедрасының оқытушылары ұйымдастырған түрлі-түсті интеллектуалды шараларға қатысты. Дәрісханалардан домбыра мен гитарның үні естіледі. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өлеңдер оқылып, әндер шырқалды. Әр түрлі халықтардың әндері орындалды.
Әрине, Абай Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы», «Аттым сәлем, Қаламқас» күйі орындалды.
18 ғасырда Вольтер: «Көп тілді білу – бір құлыптың көп кілтіне ие болу» деген.
Француздың философ-ағартушысының ойын «Журналистика және аударма ісі» кафедрасының меңгерушісі Анна Бузело: «Сонымен қатар, бұл әртүрлі мәдениет өкілдерін толерантты көзқарасқа тәрбиелеу», – деп жалғастырды. Оның айтуынша, әртүрлі тілдерді меңгеру бізге өз мәдениетіміздің құндылықтарын неғұрлым нәзік сезінуге және басқасына құрметпен қарауға мүмкіндік береді.
Шынында да, адам неғұрлым көп тіл білсе, оның мәдениеті соғұрлым кең болады.
Бұл күндері «Тұран» университетінде түрлі тілдік бояулар естілді. Оқытушы К.Жаппар, Е.Коваленко, А.Жаманова, А.Кошерованың ұйымдастыруымен өткен «Әлемдік тарих беттері» деп аталған поэзия байқауында бірінші орынды қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы Абай Құнанбаевтың шығармасын мәнерлеп, көркем оқығаны үшін гуманитарлық-заң факультетінің (ГЮФ) 2 курс студенті Омар Асқарұлы иеленді. Екінші орынды Медея Идиш пен Аружан Думанова бөлісті. Үшiншi орынды – Аяулым Мәдиқызы мен Лунара Исанбаева иеленді.
Мемлекеттік тілге ерекше орын берілді. Қазақтанушылар Майра Жағыпарова, Майра Алдабергенова, Айнұр Каршигаева, Талғат Төлегенов, Гүлназ Кенжебекова және Аида Мұхаметқали өз студенттерімен тіл, мәдениет және ұлттық дәстүрлерді білуге арналған танымдық викториналар мен конкурстар өткізді.