ETS Global өкілдерімен кездесу

2023 жыл 12 қазан күні, Тұран университетінің қабырғасында Қазақстан, Польша, Франциядан келген ETS Global өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуде тест үйлестірушісі Алина Бағланқызы Альмуратова және докторантура бөлімінің директоры Гаухар Құдайбергенқызы Ниеталина және ETS Global әріптестері Шолпан Ерғалиева, Darya Nelidova (France), Anna Gutkowska-Zajac (Poland) Тұран университетінің TOEFL IBT уәкілетті сынақ орталығымен ағымдағы әріптестік мәселелерін талқылады, келісім аясында ынтымақтастықтың болашақ перспективалары, Тұран университеті базасында GRE Жаңа Халықаралық емтиханды енгізу жоспарлары  және басқа да сұрақтармен бөлісті.

Online қабылдау