«Менеджмент» мамандығы – дамыған лексикалық қабілеті, ойлау, жоғары сабырлылық, компания мүдделерін қорғау қабілеттері бар, жоғары білікті басқарушыларды даярлауға бағытталған, экономикалық сферадағы ең беделді, сонымен қатар ең күрделі мамандықтардың бірі.
Әлемдік экономика ғаламдануының қазіргі жағдайында басқару туралы жүйелілік түсінігі бар мамандарға деген қажеттілік күннен-күнге артуда.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында жаңа басқарушылық элита біртіндеп қалыптасуда.
«6В04101 – Менеджмент» БББ-ның жалпы мақсаты болып еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, заманауи кәсіпорындармен және нарықтық құрылымдармен сұранысқа ие, қызмет етудің қарқынды түрде өзгеріп жатқан әлеуметтік және кәсіби жағдайларына тиімді бейімделуге қабілетті, негізгі кәсіби функцияларды жоғарғы деңгейде жүзеге асыруға дайын, өз қызметінің кәсіби сфераларын дамытудың сипаты мен бағыттарына сындарлы түрде әсер етуге қабілетті, ұйымдастырушылық жұмыс пен басқарушылық қызметке дағдылары бар экономикалық бейіндегі мамандарды даярлау табылады.
Шифр: 6В04101
Академиялық дәрежесі: бакалавриат
Оқыту нысаны: күндізгі, қысқартылған күндізгі нысан
Оқыту мерзімі:
Менеджер кәсібінің басты ерекшелігі болып экономиканың барлық секторларында және меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындарда бітірушілерге сұранысқа ие болуға мүмкіндік беретін оның әмбебаптылығы табылады. Кәсіп ең күшті мансаптық мүмкіндіктерді ұсынады, әсіресе егерде алынған біліммен қоса бітірушіге жұмыс берушілермен бағаланатын басқарушылық және ұйымдастырушылық дарын, ынталылық пен тез тіл табысу секілді қабілеттер қосылса.
«Менеджер» біліктілігі бар бітіруші мансабы екі негізгі бағытта дамуы мүмкін: менеджерлік және кәсіпкерлік.
Менеджерлік мансапта бастапқы, орта және жоғары деңгей позициялары бар. Мұнда келесідей кәсіби өсу орын алуы мүмкін: менеджер көмекшісі →менеджер → бөлім басшысы→ жетекші маман →жоба басшысы→ басқарма басшысы→ вице-президент→ президент. Әдетте бітіруші – менеджерлер өз мансабын орта деңгейлі лауазымнан бастайды.
Егерде де Сізді өз ісіңізді ашу қызықтырса және Сіз кәсіпкерлік мансапты таңдасаңыз, онда мұнда сізді шағын кәсіпорын иесінен танымал қуатты корпорация иесіне дейінгі мансапты баспалдақ күтуде.
Қазіргі жағдайда менеджменттің экономикалық дамуы менеджмент саласындағы бизнес құрылымдардың бәсекеге қабілетті артықшылықтарын қалыптастыру үшін маңызды кәсіптің бірі және жоғары білікті мамандарды дайындау болып табылады.
«Менеджмент» Магистрлік бағдарламасы:
Шифрлар:
Академиялық дәрежесі: экономикалық ғылымдарының магистрі; экономика және бизнес магистрі
Екі түсу емтиханы:
Оқу нысаны: күндізгі
Оқыту тілдері: қазақша, орысша.
Бағыты мен оқу мерзімі:
Оқыту шарттары: обучение осуществляется по государственным грантам и на платной основе.
Халықаралық ынтымақтастық жаһандану және халықаралық интеграция жағдайында білім беру қызметінің маңызды құрауыштарының бірі болып табылады.
“Тұран” университеті орнатылған халықаралық байланыстар аясында шетелдік стандарттарға сай кәсіби мамандарды даярлау, дамыту, халықаралық ұйымдармен және оқу орындарымен (әріспес ЖОО-да), тағылымдамадан өту үшін бірлескен жобалармен жұмыс істеу, дәріс оқу, бизнес-тренингтер өткізу және т.б. шараларды ұйымдастыруға ұмтылады.
Магистр дәрежесі сіздің мансапыңызда әр түрлі салаларда кеңінен қолдануда және мүмкіндіктердің дамуына айтарлықтай көмектеседі. менеджмент саласында кәсіпорындар, ұйымдар, Қазақстанның мемлекеттік басқару органдарыда жаңа әдістер мен технологияларды жинауды қолдана алатын, экономикалық ақпаратты өңдейтін, бизнес әртүрлі салаларында материалдық, қаржылық және ақпараттық ағындарды басқаратын жоғары білікті магистр мамандарға сұраныс жоғары.
Экономикалық ғылымдарының магистрі дәрежесінің иегері (PhD) философия докторы ғылыми дәрежесін алу үшін докторантурада оқуын жалғастыруға мүмкіндігі бар. Бұл маманның ғылыми-зерттеу, жобалық-экономикалық, аналитикалық, ұйымдастыру-басқару және педагогикалық қызмет саласында табысын жоғарылатуға ықпал етеді.
Магистр-менеджерлер келесі бағыттар бойынша оқытылады:
Өзінің табысты бизнесін ұйымдастыра алады және бейінді қызметті, бөлімді немесе жеке компанияны басқара алады.
«Тұран» университеті
Лобачевский университеті
«Тұран» университеті
Лобачевский университеті
“Менеджмент” мамандығы бойынша PhD докторантура білім беру бағдарламасы әлеуметтік-экономикалық ғылымдар саласындағы білім беру, әдіснамалық және зерттеу қызметінде тереңдетілген интеграциялық ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған.
Докторантураның білім беру бағдарламасының негізін іргелі белгілі ғалымдардың және практиктердің авторлық курстары, профессорлық ғылыми семинарлар, лекциялар, мастер-кластар құрайды. Докторанттар ғылыми және қолданбалы ғылыми зерттеулерін Қазақстанның жетекші ғалымдар мектептері аясындағы жүргізеді.
Шифр: 8D04102
Академиялық дәрежесі: PhD философия докторы
Оқу нысаны: күндізгі
Оқу мерзімі: 3 жыл
Оқу тілдері: қазақша, орысша
Оқыту шарттары: оқыту мемлекеттік гранттар бойынша және ақылы негізде жүргізіледі.
Дайындаушы кафедраның стратегиялық басымдығы ғылыми-зерттеу жұмысы болып табылады. Жетекші кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер, өзекті экономикалық проблемалар бойынша жүргізіледі. “Менеджмент” мамандығының докторанттары кафедраның ғылыми-зерттеу жобаларына қатыстырылады.
Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы білім беру үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады, тұтастай алғанда, зияткерлік әлеуетін күшейтдің маңызды факторы, оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді тұрақты жаңартудың негізі.
Докторлық дәреже иегерлерін заманауи экономика ғылымы ұтқырлық мансап келешегіне жетелейді. Докторантурада алған білім академиялық сала және одан тыс іскерлік дағдылар мен мансап даму және жұмысқа орналасу перспективалары айтарлықтай жақсартады. Докторлық жәрежені алу маманның ғылыми-зерттеу, жобалау-экономикалық, аналитикалық, ұйымдастыру-басқару және педагогикалық қызмет саласында ілгерілеуіне ықпал етеді.
Докторанттардың алған құзыреті академиялық және кәсіптік білім шеңберінде әр түрлі білімдерді жұмыс берушілер талаптарына, доктор дәрежесіне ие жоғары бағаланатын потенциалды, академиялық және кәсіби білім сәйкес келетін зерттеулермен жұмыс істеу қабілетті: