«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ үшін «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының біліктілігін арттыру курстарын өткізу (Астана қ.)

2023 жылдың қазан айында «Инклюзивті және тең сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығына өмір бойы білім беру мүмкіндіктерін ілгерілету» БҰҰ ТДМ 4-ші тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде «Тұран» университетінің «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасы «Найма» Оқу орталығымен бірлесіп «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ (Астана қ.) филиалының заңгерлеріне біліктілікті арттыру курстары өтті.

 

Дәріс берушілер – «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының меңгерушісі Н.А.Алдабергенова, кафедра профессорлары  Г.Т.Алаева және С.Н.Рехсон, заң ғылымдарының магистрі М.М.Аскарова. «Ғылыми-техникалық прогрестің жаңа кезеңдері ретінде технологиялық серпілістердің әсерінен қазіргі заманғы құқықтың өзгеру тенденциялары» тақырыбы аясында сұрақтар қамтылды.

Online қабылдау