2023 жылы 31 қазанда Алматыда «Тұран» университетінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының қауымдастығымен бірлесіп «Бейресми білім беру: жаңа тәсілдер және заманауи киноиндустрия» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға кино саласының жетекші өкілдері қатысты: КЕАҚ «ҰКҚМО» Басқарма мүшесі, Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Шукенов Бауыржан Камалович, «Salem Social Media» продакшн директоры Воробьев Игорь Алексеевич, «Epicentrum» девелопментінің жетекшісі Сартаева Анель Мауленовна, «567 Creative laboratory» директоры және продюсері Сафаров Ринат Фаридович, «Short brothers» продюсері Әбішев Серік Ержанұлы, «Mark II» студиясының директоры Недвига Марина Николаевна, «КиноАренда» техникалық директоры Молоков Михаил Федорович және тағы басқалар, сондай – ақ, кино саласы үшін мамандар дайындайтын шығармашылық жоғары оқу орындарының әртүрлі деңгейдегі басшылары- Т. Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА., ҚазҰӨУ, Almau.
Дөңгелек үстелдің ашылуында «Тұран» университетінің ректоры Рахман Алшанұлы Алшанов «Үкімет курстың ерекшелігіне байланысты үш айдан алты айға дейін оқу мүмкіндігімен жоғары оқу орындары базасында қосымша білім беру бойынша бірқатар шешімдер қабылдады. Сондықтан жоғары оқу орындары нарықта сұранысқа ие мамандандыруларды оқыту алаңына айналуы мүмкін. Қазақстандық киноиндустрияны дамытудың жаңа кезеңі кинематография саласының өкілдерімен бірлескенде ғана мүмкін болады».
Дөңгелек үстел жұмысында «Бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 508 бұйрығы айтылды, сондай-ақ бейінді кино білім беру қажеттілігі талқыланды. Іс-шараның әрбір қатысушысы өз сөзінде кино саласындағы түрлі мамандықтар бойынша білікті мамандардың тапшылығын атап өтті.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша бейінді ЖОО-лар кино нарығының белгіленген қажеттіліктеріне назар аударып, кино өндірісте білім беру үдерісі мен кәсіби біліммен, практикалық дағдылармен алмасу мүмкіндігін дамыту қажеттігі атап өтілді. Бұл баға жетпес тәжірибе жинауға және сонымен бірге білікті маман болуға мүмкіндік береді.