CSAM International Scientific and Practical Conference 2023

ҚР ҰӘҚ ҒК Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты, «Тұран» университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық ғылыми-зерттеу техникалық университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті және Люблин техникалық (Люблин қ., Польша) университеттерімен бірлесіп, 2023 жылы 26-27 қазан аралығында Алматы қаласында белгілі ғалым, Қазақстандық криптография мектебінің негізін қалаушы, техника ғылымдарының докторы, профессор Бияшев Рүстем Ғакашұлын еске алуға арналған,  «Информатика және қолданбалы математика» VIII – Халықаралық ғылыми-тәжірибелік   конференциясы өткізілді.

 

Конференцияда информатика және қолданбалы математика саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Қазақстан Республикасының, жақын және алыс шетелдердің ғалымдары, магистранттары, докторанттары іс – шараға қатысты. Конференция қолданбалы мәселелерді шешу үшін озық ғылыми жетістіктерді қолданатын ғалымдарды біріктіруге, халықаралық тәжірибе алмасуға, жаңа идеяларды қалыптастыруға мүмкіндік берген болатын.

 

2023 жылдың 27 қазанында Professor PhD, Kocaeli University, Izmit, Turkey, Muslum Arici «Компьютерлік техника және бағдарламалық қамтамасыз ету» және «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» білім беру бағдарламаларының студенттеріне, «Компьютерлік техника және бағдарламалық қамтамасыз ету» магистранттарына «Reduction of energy consumption in buildings by synergetic effect of conventional and innovative materials» тақырыбында қонақтық дәріс оқыды.

 

27 – қазан күні инновациялық оқыту моделінің үлгілерін ұсынғаны үшін Кубеков Б.С., Киселева О.В., Майнцер Д.А., Холидуллаева Д.Х. сертификат табыс етілді.

Online қабылдау