Режиссура

Бакалавриат
Магистратура

Академиялық дәреже: Бакалавриат

 

Шифр: 6В02101

 

Оқу түрі: күндізгі

 

Оқу ұзақтығы: 4 жыл

Қабылдау шарттары

ҰБТ таңдау пәндері:

 

  • Міндетті пәндер: Қазақстан тарихы, Оқу сауаттылығы
  • Шығармашылық емтихандар (екі кезеңнен тұрады)

 

 

Шығармашылық емтихандар құрамына кіреді:

 

  • Жазбаша емтихан – берілген үш сөзді қолданып көркем сценарий жазу;
  • Ауызша емтихан – шығармашылық әңгімелесу (коллоквиум), талапкердің креативті ойлау қабілеті мен кәсіби бейімділігін анықтау мақсатында өткізіледі.

 

Қабылдау мемлекеттік және университеттің ішкі гранттары, сондай-ақ ақылы бөлім негізінде жүзеге асырылады.

Режиссура дегеніміз не

Режиссура – драматургияны, актерлік ойынды, бейнелік және дыбыстық шешімдерді біріктіре отырып, біртұтас сахналық немесе аудиовизуалдық туындыны жасауға бағытталған көркем шығармашылықтың ерекше түрі.

 

Режиссёр – спектакльдің, фильмнің, телебағдарламаның, клиптің немесе өзге де медиа жоба­ның идеялық және көркемдік тұтастығын қалыптастыратын негізгі авторы.

 

Ол актерлердің, операторлардың, суретшілердің және басқа да шығармашылық топ мүшелерінің жұмысын үйлестіріп, сценарийді көркем бейнеге айналдырады.

Режиссёр мамандығының мәні

Режиссёр – идеяны әрекетке айналдыратын тұлға. Ол әлемді суреткер көзімен көріп, ойды сахна немесе кадр тілімен жеткізе алады.
Режиссёрдің басты міндеті – көрерменге ойды, сезімді және әсерді өнердің көркемдік құралдары арқылы жеткізу.

 

 

Режиссёр анықтайды:

 

  • әр сахнаның немесе кадрдың эмоциялық және визуалдық әсерін;
  • кейіпкерлердің ішкі қақтығысы мен мінезін ашу тәсілдерін;
  • атмосфераны, ырғақты, жарық пен түсті, сондай-ақ музыканың әсерін;
  • барлық элементтердің — актерлердің ойыны, бейне, дыбыс және монтаждың — біртұтас көркем құрылымға бірігуін.

 

Режиссёр — сценарий мен көрермен арасындағы көпір, шығармашылық үдерісті ұйымдастырушы және көркем әлемді қалыптастырушы суреткер.

Оқу барысында қалыптасатын дағдылар

«Режиссура» білім беру бағдарламасы студенттердің көркем ойлауын, талдау қабілетін және шығармашылық дербестігін дамытуға бағытталған.

 

 

Оқу үдерісінде студент:

 

  • сахнаны және кадрды ойша елестетіп, көркем бейнені алдын ала жоспарлауды үйренеді;
  • шығармашылық топты ұйымдастыру мен басқару әдістерін меңгереді;
  • композиция, ырғақ және драматургия заңдылықтарын түсінеді;
  • актерлермен психологиялық өзара әрекет және топтық коммуникация дағдыларын дамытады;
  • жеке көркемдік стилін және авторлық көзқарасын қалыптастырады.

 

Режиссёр мұқият, жауапкершілігі жоғары, сезімтал және ұйымдастырушылық қабілеті бар тұлға болуы тиіс. Ол қиын шығармашылық жағдайда дұрыс шешім қабылдай білуі керек.

Білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейінгі жұмыс мүмкіндіктері

«Режиссура» мамандығының түлектері өнер, медиа және мәдениет салаларының әртүрлі бағыттарында қызмет ете алады.

 

 

 Кино және теледидарда:

 

  • көркем және деректі фильмдердің режиссёры;
  • телебағдарламалар, сериалдар мен ток-шоулар режиссёры;
  • монтаж режиссёры;
  • екінші режиссёр, режиссёрдің ассистенті, желілік продюсер.

 

 

Театр саласында:

 

  • спектакль қоюшы режиссёр;
  • режиссёрдің көмекшісі;
  • театрландырылған көріністердің, концерттік және мерекелік бағдарламалардың режиссёры.

 

 

Өзге салаларда:

 

  • бейнебаяндар мен жарнамалық роликтердің режиссёры;
  • онлайн және digital контент режиссёры;
  • мәдени және медиа жобалардың продюсері немесе арт-директоры.
Халықаралық бағдарламалар мен серіктестік байланыстар

Бағдарлама студенттері шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында:

 

  • ғылыми және шығармашылық тағылымдамадан өтуге;
  • жазғы мектептер мен шеберлік сыныптарына қатысуға;
  • әйгілі режиссёрлер мен кино мектептерінің ұстаздарынан дәріс алуға мүмкіндік алады.

 

 

Серіктес жоғары оқу орындары мен ұйымдар:

 

  • Корея медиа және өнер университеті, Седжон қаласы, Корея Республикасы
  • Ш. Руставели атындағы театр және кино мемлекеттік университеті, Тбилиси қаласы, Грузия
  • Халықаралық кино және теледидар академиясы, Гонконг, Қытай Халық Республикасы
  • Нью-Йорк киноакадемиясы, Нью-Йорк қаласы, АҚШ
  • С. А. Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография университеті (ВГИК), Мәскеу қаласы, Ресей
  • Режиссёрлер мен сценаристердің жоғары мектебі, Санкт-Петербург қаласы, Ресей
  • Краснояр өнер институты, Красноярск қаласы, Ресей
  • «Media Land» музыкалық коммуникациялық агенттігі, Мәскеу қаласы, Ресей
  • Қырғызстан кинематографистер одағы, Бішкек қаласы, Қырғыз Республикасы

Академиялық дәреже: Магистр

 

Шифр: 7М02101

 

Оқу түрі: күндізгі

 

Оқу мерзімі: 2 жыл (ғылыми-педагогикалық бағыт)

Қабылдау шарттары
  • Кешенді тестілеу
  • Шығармашылық емтихандар (екі кезеңнен тұрады)

 

Оқуға қабылдау мемлекеттік гранттар, университеттің ішкі гранттары және ақылы бөлім негізінде жүргізіледі.

 

«Режиссура» білім беру бағдарламасы магистранттардың жеке қасиеттерін дамытуға, сондай-ақ экрандық өнер саласындағы режиссура бағыты бойынша жалпы мәдени (әмбебап) және кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.
Бағдарлама ғылым мен педагогика саласында терең теориялық және тәжірибелік дайындық алуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын меңгеруге, сондай-ақ экрандық өнер саласындағы режиссура мамандығы бойынша докторантурада оқуын жалғастыру үшін қажетті білім мен білік қорын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Біздің серіктестер
  • А. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі
  • Әлем кино мектептері қауымдастығы, студенттік фильмдер мен кино мектептердің халықаралық фестивалі «Бастау»
  • Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ
  • Қазақстан Республикасының кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағаты
  • Халықаралық кинофестиваль «Еуразия»
  • «DS-Entertainment» ЖШС
  • «Salem Social Media» ЖШС
Түлектер келесі лауазымдарда жұмыс істей алады
  • Өнертанушы
  • Оқытушы
  • Көркем және деректі фильмдердің режиссері
  • Ғылыми-көпшілік фильмдердің режиссері
  • Режиссер-продюсер

 

Оқу аяқталғаннан кейін түлекке «Өнертану ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесі беріледі.

Online қабылдау