2023 жылғы 23 қарашада Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтымен бірлесіп «Ұлттық заңнама жүйесіндегі теріс қылықтар. Қазіргі қоғам жағдайында қылмыстық құқық бұзушылық және әкімшілік құқық бұзушылық ұғымдарының дамуы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары, отандық және шетелдік ғалымдар қатысты. «Тұран» университетінен «Тұран» университеті жанындағы Құқық ғылыми-зерттеу институтының директоры, «Құқықтану және ХҚ» кафедрасының профессоры Әкімжанов Талғат Құрманұлы қатысты.