«Тұран» университеті Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы филиалы базасында «Мемлекеттік қызмет мектебі» жобасы шеңберінде сабақ өткізу алаңына айналды. Сабақты Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры Мәншүк Асқарқызы Құсайынова өткізді. «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасының Алматы қаласы ЖОО-ның 4 курс студенттері оқудан өтті. Маркетинг және қабылдау бөлімі студенттерге университетке экскурсия жүргізіп, магистратураға түсу шарттарын түсіндірді.