Қонақ дәрісі «Әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу»

2024 жылғы 28 Ақпанда “Тұран” университетінің “Құқықтану және халықаралық құқық” кафедрасының қауымдастырылған профессоры Т.А. Тоқтыбеков Алматы қаласы Бостандық ауданы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы Тахир Чимбулатовтың “Құқықтану” ББ 2 курс студенттеріне “Әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу” тақырыбында қонақ дәрісін ұйымдастырды.

 

Кездесу барысында студенттерге ҚР ӘҚБтК сәйкес бұзушылықтарды анықтау барысында жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін қызметтік планшеттің жұмыс істеу принципі түсіндірілді.

 

Кәсіпкерлікті жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізуге мораторий алынғаннан кейін мемлекеттік тексеру іс-шараларының өзекті мәселелері туралы айтылды. Студенттер маманға белсенді түрде сұрақтар қойып, толық жауаптар алды.

Online қабылдау