Yeditepe университетіндегі магистранттардың шетелдік ғылыми тағылымдамасы

2024 жылғы 26 ақпан мен 8 наурыз аралығында «Менеджмент», «Журналистика», «Психологиялық кеңес беру» білім беру бағдарламасының 2-ші оқу жылының 14 магистранты Стамбұл қаласындағы Yeditepe университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

 

Магистранттар заң факультетінің шетелдік профессоры Месут Хакки Чагиннің, сондай-ақ экономика және әкімшілік ғылымдар факультетінің ғалымдары, соның ішінде профессор Наталья Кетенджи, профессор Альпер Алтын Анахтар, доцент Чашра Левент Услу, доктор Озге Кирезли және доктор Синем Баченің жетекшілігімен тағылымдамадан өтті.

 

Тағылымдама барысында магистранттар Университеттің қызметімен танысып, онжылдықтың соңғы үрдістері мен сын-тегеуріндеріне арналған курстарға қатысты. Тағылымдама аяқталғаннан кейін магистранттар шетелдік ғылыми тағылымдамадан өткені туралы сертификат алды.

Online қабылдау