Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде (барлығына 4-сапалы білім беру) 2024 ж. 15 наурызда “Ақпараттық технологиялар” кафедрасының магистрі, сениор-лекторы Р.М.Вахитова гуманитарлық-заң факультетінің 1 курс студенттеріне “Ақпараттық коммуникациялық технологиялар” пәні бойынша “Киберқауіпсіздік” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Вахитова Р.М. кибершабуылдардың негізгі мақсаты не екенін түсіндірді. Қауіптердің жіктелуін, интернет алаяқтық түрлерін келтірді, сондай-ақ мобильді операциялық жүйелер мен шифрлау функциялары өмірден алынған нақты мысалдармен қарастырылды.
Студенттер қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ең үнемді құралдарын таңдау үшін қажетті ықтимал қауіптер мен қорғаныстың осал жерлері туралы білім алды.