«Әлемді өзгертетін идеялар» байқауы

«Тұран» университетінің «Әлемдік және ұлттық экономика» кафедрасы  Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтымен бірлесіп, қызығушылық танытқан мектеп оқушылары мен колледж студенттерін «ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТЕТІН ИДЕЯЛАР» бизнес жобалар байқауына шақырады.

 

13.04.2024 жылға дейін – білім беру ұйымдарынан конкурсқа қатысуға өтінімдері және жоба презентациялары  a.tanat@turan-edu.kz  электрондық поштаға  қабылданады.

 

Байқау екі кезеңде өтеді:

  • 1-кезең 1-15 сәуір аралығында
  • 2 кезең – 29 сәуірде (онлайн)
  • Байқау 29.04.2024 ж – «Тұран» университетінде өткізіледі.

 

Байланыстағы тұлға: Бөлшекбаева Қарлығаш Оңдасынқызы – э.ғ.м., «Әлемдік және ұлттық экономика» кафедрасының аға оқытушысы, моб +7 (702) 985 65 30.

 

Мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасындағы жобалар байқауына қатысу туралы толығырақ ақпарат конкурс туралы ережеде қамтылған.

Online қабылдау