19 – 27 ақпан аралығында 2024 жылы Қазақ Ұлттық Университеті Экономика және бизнес жоғары мектебінің ұйымдастыруымен «Бизнесті басқарудағы заманауи мегатрендтер» атты Халықаралық Қысқы Мектеп өткізді.
Қысқы мектеп спикерлерінің бірі э.ғ.к., қауымдастырылған профессор, «Тұран» университетінің докторантура бөлімінің директоры Ниеталина Гаухар Құдайбергенқызы «Маркетингтегі заманауи digital-арналар және SMM-технологиялар» тақырыбында дәріс оқыды.
Аталмыш іс-шараға Әзірбайжанның, Ресейдің, Қазақстанның жоғарғы оқу орындарынан жалпы саны 100-ге жуық студенттері, магистранттары мен оқытушылары қатысты.