“Бағдарламаны құрушыға арналған білімге, дағдыға және құзыреттілікке қойылатын талаптар” тақырыбындағы әдістемелік семинар

2023 жылғы 26 қазанда онлайн форматта т. ғ. д., проф. К. С. Рсымбетов қатысуымен “Бағдарламаны құрушыға” арналған білімге, дағдыға және құзыреттілікке қойылатын талаптар” тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді.

 

Өз презентациясында т.ғ. д., проф. К. С. Рсымбетов бағдарламалық жасақтама инженерлерін даярлау және программалық өнімдер әзірлеу бойынша әлемдік, ресейлік, Қазақстандық көшбасшыларға шолу жасады. Кәсіпорынның түрлі сипаттамалары, оның ішінде қолданылатын программалық қамтамасы мен құрылғылары бойынша кәсіпорын классификациясын келтірілді.

 

Ақпараттық технологиялар бойынша қандай мамандықтар сұранысқа ие?

 

Т. ғ. д., проф. Рсымбетов еңбек нарығында сұранысқа ие болатын негізгі мамандықтарды келтірді:

 

  • Web қосымшаларын жасаушылар;
  • Frontend бағдарламашы;
  •  Backend бағдарламашы;
  • Бас бағдарламашы DevOPS-архитектор;
  • ІТ аналитик;
  • Master Data Management;
  • Жетекші бағдарламашы (Senior developer);
  • Бағдарламашы (developer) және т.б.

 

Қазіргі ақпараттық технологиялар түлектері қандай білім, дағдылар мен құзыреттерге ие болуы керек?

 

К. С. Рсымбетов корпоративтік кәсіпорындардағы тән ақпараттық жүйелер туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

 

Әдістемелік семинар жоғары деңгейде өтті.

Online қабылдау